Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдары таныстырылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдары таныстырылды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 24.06.2024 22:42 506

Медальдарды V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, медаль қола қорытпасынан жасалған. Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі - ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар.

Медальдың контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар, - деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға