Жаңалықтар

Ұзақ жылдар құтқарушы болған әйел мамандығы туралы айтты

Ұзақ жылдар құтқарушы болған әйел мамандығы туралы айтты
Фото: ТЖМ 08.03.2024 19:41 499

Медведева Элона Владимировна ұзақ жылдар бойы бас құтқарушы боп сүңгуірлік салада қызмет атқарған жан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 жылдан астам уақыт бойы нәзік әйел құтқарушы диспетчер,ал бұрын сүңгуір болып жұмыс істеді. Элона-үшінші разрядты құтқарушы.

Мен жұмыс барысында ауыр сүңгуір жабдықтарына оңай сүңгуді және су астында жүруді үйрендім. Элонаның айтуынша, бұл жүктемелердің барлығы адам өмірін сақтап қалуға тұрарлық, - дейді ол.

Елімізде құтқарушы қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Ер адамдардан қалыс қалмайтын, ауырды да, жеңілді де, қауіпті істі де бірдей атқаратын әйелдер туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға