Жаңалықтар

Ұйықтауға да уақыт қалмаған. Блогер мұғалімдерге 30 млн теңге заңсыз аударылғанын анықтады

Ұйықтауға да уақыт қалмаған. Блогер мұғалімдерге 30 млн теңге заңсыз аударылғанын анықтады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.05.2023 13:30 3445

«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры, блогер Дидар Смағұлов Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектебіндегі былықты анықтағанын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мектепте педагогтерге артық сағаттар жазылып, 30 миллион теңге заңсыз аударылған. Қазіргі кезде Антикордың тапсырмасымен аталмыш мектепте аудит шаралары басталған. 

Ұйықтауға да уақыт қалмаған. Блогер мұғалімдерге 30 млн теңге заңсыз аударылғанын анықтады

 Егер заң бойынша 1 педагогтің 1 жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жалпы жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал аталмыш мектептегі мамандардың аптадағы қызмет уақыты 77 сағат болған. Осылайша, бір айда бір педагогке 307 сағат шығады екен.Не деген еңбекқорлық! Тіпті ұйықтауға да уақыт қалмағаны ғой!, - деп жазды Дидар Смағұлов  Facebook-тегі парақшасында. 

Ол осы тәсілмен 2019 жылы 6,2 миллион теңге, 2020 жылы 7 миллион  теңге, 2022 жылы 17,1 млн теңге артық аударылғаны анықталғанын айтты. Осылайша, бір ғана мектептің өзінде 30 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға