Жаңалықтар

«Үйде отырсын». Әнші Amre болашақ жарына қоятын талабын айтты

«Үйде отырсын». Әнші Amre болашақ жарына қоятын талабын айтты
Фото: instagram.com/amre_official 07.02.2024 10:48 803

Халыққа Amre лақап атымен танымал жас әнші Ернар Садырбаев осы жылы үйленетінін жеткізді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жоспарымда биыл үйлену бар. 29 жасыма дейін тек жұмыс деп жүріппін. Жеке өмірімді мүлде ойламаған екенмін. Шабыт беретін, қолдау білдіретін адам болады деген сенімдемін. Әке болғым келеді. Анам мен әкем бір-біріне адал болды.  Біз үшін бәрін жасады. Мен де үлгі боларлық отбасы құрғым келеді, - деді өнер иесі.

Сонымен қатар, әнші «бәр отбасыға бір өнер адамы жетеді» деген қағиданы ұстанатынын айтты.

Үйленетін қызыма «үйде отырасың» деп айтқым келмейді. Өзім өнерде жүрген соң, көп уақытым түзде өтеді. Сол себепті, мен таңдайтын адам өнерден алшақ болса деймін. Үйде отырғаны жақсы, - деді ол.  

Өнер иесі тіпті балаларының да сахнаға шыққанын қаламайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға