Жаңалықтар

Үстел теннисінен жазғы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

Үстел теннисінен Қазақстан Спартакиадасы өтті
Үстел теннисінен жазғы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды
Фото: instagram.com/drs_kz 26.03.2023 18:21 740

Бүгін Қарағанды қаласындағы Saryarka орталығында үстел теннисінен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында жекелей сында елордалық Кирилл Герасименко қарағандылық Алан Құрманғалиевтен басым түсті. Финал 4-1 есебімен тәжірибелі ойыншының пайдасына аяқталды. Ал әйелдер арасында Зәуреш Акашева (Қарағанды облысы) топ жарды. Ол финалда тағы бір Ұлттық құрама өкілі Сарвиноз Миркадироваға (Шымкент) еш мүмкіндік бермеді (4-1).



Аралас жұптық сында Зәуреш Акашева мен Владислав Захаров дуэті Кирилл Герасименко мен Анастасия Ловроваға төтеп бере алмады. Есеп 0-3.

Үздік үштікті түйіндеген жұптар:
Бекұлан Жамал/Сарвиноз Миркадирова (Шымкент);
Алан Құрманғалиев/Арай Ашкеева (Қарағанды облысы).

Әйелдер арасында шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт жұбы батыс Қазақстан облысынан келген Гүлчехра Хусейнова мен Алсу Сапарованы ұтты. 3-орын – Юлия Даниярова/Алина Дубровская (Қостанай облысы);
Айя Әлімбаева/Валентина Успанова (Алматы).

Алан Құрманғалиев пен Владислав Захаров екеуі финалда ағайынды Кирилл және Александр Герасименкодан басым түсті. Қола медаль Денис Жолудев/Сагантай Құрмамбаев (ШҚО) пен Бақдәулет Әкімәлі/Бекұлан Жамал (Шымкент).

Күміс жүлдегерлер – Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Гүлноз Камилжанова, Малика Расулметова, Ақниет Амангелді.

Жалпы есепте Қарағанды облысы чемпион атанса, Астана қаласы 2-ші, Шымкент қаласы 3-орынға тұрақтады.

Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Қазақстан үстел теннисі федерациясының Атқарушы хатшысы Данил Пак, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға