Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Кирилл Герасименко іріктеу кезеңін сәтсіз аяқтады
21.05.2025 20:38
811

Фото: Olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз бразилиялық Уго Кальдераномен кездесті.
Қазақстандық спортшы алғашқы екі кезеңді өз пайдасына аяқтады. Алайда кейін қарсыласы қатарынан төрт кезеңде жеңіп, жалпы есепте 4:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Герасименко 1/8 финалға жолдама ала алмады.
Бөлісу:
