Жаңалықтар

Ұстанымымнан тайсам, бірінші болып сіздер естисіздер – Ринат Зайытов

Ұстанымымнан тайсам, бірінші болып сіздер естисіздер – Ринат Зайытов
Фото: GOV.KZ 27.09.2023 12:50 1311

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды» деген мәлімдемесінен кейін өзіне арыз-шағым түскенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Зайытовтан «желіде қызу талқыға түскен пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба? Өз позицияңызда қаласыз ба?» деп сұрады.

Бұл туралы әлеуметтік желіде жаздым. Егер мен өз ұстанымымнан таятын болсам, онда бірінші болып сіздер естисіздер, - деп қысқа жауап берді.

«Бұл жағдайдан кейін Мәжілісте сіздің этикаңызға қатысты мәселе қаралды ма?» деп сұрады журналистер.

Иә, шағымдар, арыздар болды. Тәртіптік топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой, - деді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға