Жаңалықтар

Ұшқыштар ұшу кезінде жарты сағат ұйықтап қалған

Ұшқыштар ұшу кезінде жарты сағат ұйықтап қалған
Фото: ©pixabay.com 11.03.2024 10:42 3827

Индонезияның Кендари қаласынан Джакартаға бағыт алған Batik Air ұшағында қызықты оқиға болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі

Екі ұшқыш, 32 жастағы капитан мен 28 жастағы бірінші офицер ұшу кезінде шамамен 28 минут ұйықтап қалған. Осы оқиғаға қатысты Индонезияның көлік министрлігі тергеуді бастады. Крейсерлік биіктікте ұшқыштар құлаққаптарын шешіп, ассистенттен ұшақты уақытша басқара отыруын өтінген.

Капитан шамамен 28 минуттан кейін оянып, ұшақтың жоспарланған бағытынан ауытқығанын түсінген. Алдын ала есеп бойынша командир ұшқыш оянғаннан кейін диспетчерлерге ұшу кезінде «радиобайланыс мәселесі» пайда болғанын айтып, шешімін тапқанын түсіндірген.

Ұшу кезінде ұшақта 153 жолаушы мен төрт стюардесса болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға