Жаңалықтар

«Үшарал-Достық» жолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті
«Үшарал-Достық» жолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды
Фото: azh.kz 23.01.2023 19:46 1245

Жетісу облысы ТЖД-да Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында адамдар бар автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шақыру орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелері жіберілді.

23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де желдің екпіні 30 м/с-тан астам болған қар қырсауына қауіпті «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға