Жаңалықтар

«Үшарал-Достық» жолын қайта жаңғырту қарқынды жүріп жатыр

«Үшарал-Достық» жолын қайта жаңғырту қарқынды жүріп жатыр
Фото: gov.kz 10.09.2023 18:55 696

Көлік министрі Марат Қарабаев «Талдықорған - Үшарал» және «Үшарал – Достық» автожолдарын қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 979 км құрайды.

Облыс орталығынан Үшаралға дейінгі жол «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолын қайта жаңғырту жобасы аясында жүріп жатыр. Биыл жол жүруді толық қамтамасыз ету жоспарланған.

«Үшарал-Достық» (90-180 км) 90 км учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба 2 учаскеге бөлінген, екеуінде де жұмыстар 90%-дан астам орындалған.

Айта кетерлігі, Ырғайты өзені арқылы өтетін көпірдің монолитті бөлшектері орнатылған. Көпір бұл жердің табиғи ерекшеліктеріне, ауа райына, атап айтқанда жел екпінінің жоғарылығын ескеріп, барлық техникалық нормативті сақтай отырып салынып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға