Жаңалықтар

Ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізуге рұқсат беріле ме?

Ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізуге рұқсат беріле ме?
Фото: © El.kz 13.07.2023 11:20 539

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен әуе компаниялары ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізуге рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Марат Қарабаевтың әуе компанияларын жолаушылардың қауіпсіздік мәселесі алаңдататынын атап өтті.

Біз оларды ұлттық аспаптарды ұшаққа қосымша алып кіруге рұқсат береміз деп тұрмыз. Бірақ бұл жерде екі мәселе туындайды. Біріншісі – егер жолаушы жоғары жаққа қол жүгін қойса, домбыраны қоюға орын қалмай қалады. Екіншісі – жоғары жақтағы жүк қоятын жағына аспап сия ма? Әрине, домбыраның өзі сыяды, бірақ әр аспаптың өз қапшығы болады ғой, - дейді министр.

Министр бұл мәселеге қатысты шешім қабылданатын уақыттың әзірге белгісіз екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

Нақты мына мерзімде шешім қабылданады деп айта алмаймыз. Өйткені бұл әуе компанияларымен, осындай аспаптарды алып жүретін адамдармен қосымша талқыланып жатыр. Оның нәтижесі біржақты болады деп қазір айту қиын. Ең бастысы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, - деді ведомство басшысы.

Алайда Қарабаев ұлттық аспаптарды ұшақ бортына кіргізуге қатысты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрліктен ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізу мәселесін шешіп беруді талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға