Астанада жақында ғана пайдалануға берілген LRT алғашқы күннен-ақ ел назарын өзіне аударды. Жаңа көлік жүйесін көруге асыққан тұрғындардың қарасы қалың болып, әлеуметтік желіде де түрлі пікірлер айтыла бастады. Мәжіліс депутаттары халықтың LRT-ға деген қызығушылығы мен алғашқы күндердегі жағдайға қатысты пікір білдірді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандағы алғашқы аэротакси қандай болады
- Қытай көліктері арзандап жатыр: тиімді бағамен алуға болатын көліктер
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза LRT-ны отбасымен бірге барып көргенін айтып, алғашқы кезеңде қауіпсіздік пен бақылауға ерекше назар аудару қажет екенін жеткізді. Оның сөзінше, тұрғындардың жаңа қоғамдық көлікке қызығушылығы өте жоғары.
Өзім барып отырдым. Халық итерісіп, семьясымен қысылып кіріп жатты. Құдайға шүкір, самолет емес. Бұл – жердің үстіндегі көлік. Бірақ адамдар үшін бәрібір үлкен жаңалық болып тұр. Кейбірі бала-шағасын алдыңғы пульт тұрған жерге отырғызып жатыр екен. Біреу қызығып басуы мүмкін, біреу аяғымен тиіп кетеді. Сондықтан халық толық үйреніп кеткенше, алғашқы кабиналарда және вагондардың ішінде жауапты қызметкерлер отырғаны дұрыс деп ойлаймын, – деді депутат.
Ал мәжіліс депутаты Айдос Сарым астаналықтардың жаңа нысанға жаппай қызығушылық танытуын қоғамға тән құбылыс деп бағалады.
Біз сондай даңғаза халықпыз ғой. Қандай да бір жаңалық болса, бәріміз барып көруге тырысамыз. Қазір Астананың жартысы LRT-ға мініп, бір жылдық жоспарды бір күнде орындап тастағандай әсер қалдырып жатыр, – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи де алғашқы күндердегі қарбаласты қалыпты жағдай деп санайды. Оның айтуынша, халық жаңа жүйеге уақыт өте келе бейімделеді.
Бұл – адамдардың үйренгеніне дейін болатын жағдай. Бізде мұндай көлік бұрын болған жоқ. Алматыда метро алғаш ашылған кезде де осындай қызығушылық байқалған. Сондықтан бастапқы кезеңде мұндай нәрселер болуы заңды, – деді депутат.
Сондай-ақ мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов алғашқы уақытта жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды екенін атап өтті.