Жаңалықтар

Ұшағы кешіккен депутат әуежайда киіз үйде демалып жатыр

Ұшағы кешіккен депутат әуежайда киіз үйде демалып жатыр
Фото: instagram/maksattolykbai 31.12.2023 12:15 2422

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейсі кешіккен Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Астанадағы әуежайда тігілген киіз үйде жатқан сәтін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әуежайларда осындай жайлы демалатын орын болуы керектігін айтты.

Астананың бораны сапарды тежеп тұр. Ұшақ күтіп іш пысты. Қазіргі сәтті баяндайын.   Астананың әуежайында тұрған киіз үйде аяқ созып демалуға болатын ба еді, әлде экспонат үшін жасалған ба? Анығын білмедім. Ұшақтың тағы 7 сағатқа кешігетінін естіген соң, ешкімнен рұқсат сұрамастан, аяқ киімді шештім де  жата кеттім. Мені көріп басқалар да отыра бастады. Ұйықтап кеткен екенмін, оянсам, бірі ұйықтап, енді бірі әшейін бел жазып айналамда жеті-сегіз адам жатыр, - дейді Мақсат Толықбай. 

Ол тар, темір орындықта бүктеліп, бүрісіп жатқанға қарағанда мынау жанның рахаты екен. Әсіресе, үлкен кісілерге жақсы. Қарап отырсаңыз, көп орын да алмайды. Басқа да жерлерге макетін ғана қоя бермей, халықтың қажетіне жаратып қойса қандай керемет! Бір жағынан насихат деп айтты.

Сұлтанның Қожаға айтатынындай «төреше жатып демалатын» жер жасап тастау қатты қиын да, қымбат та емес екен. Жолынан кешігіп жүйкесі жұқарған жолаушыға бұл да бір жұбаныш болады екен,-деп жазды депутат.

Айта кетейік, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты ішкі және халықаралық рейстерді қоса алғанда, барлығы 10 рейс кейінге қалдырылды,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға