Жаңалықтар

Үш жылда 41 IT-мектеп ашылды

Білім саласын цифрландыруға айрықша көңіл бөлінуде
Үш жылда 41 IT-мектеп ашылды
Фото: news.samsung.com 29.10.2022 14:33 1922

Соңғы үш жылда елімізде цифрлы білім беретін және толықтай заману құрал-жабдықтармен жасақталған 41 мектеп жұмыс істейді. Қазіргі таңда оларда 55 мыңнан астам бала білім алады, деп хабарлайды El.kz

2021 жылмен салыстырғанда оқушы саны үш мыңға артқан.

Аталмыш мектептер арнайы дамытылған бағдарлама бойынша оқытады. Бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Осы бағытта заман ағымына сай барлық мектеп электронды қызметтерді қолдану тиіс. Робототехника және 3D-модельдеу сынды технология саласында мамандандыру жұмыстарын ерте қолға алу үшін елде IT-мектеп санын арттыру көзделіп отыр.

Бүгінде IT-мектептің оқушылары үлкен нәтиже көрсетіп келеді. Технология және робототехника бойынша халықаралық деңгейде жүлделі орындар иеленуде.

БиылИндонезияда өткен олимпиадада  Қазақстаннан төрт оқушы бақ сынады. Әлемнің тоқсан елінен қатысқан 350-ден астам қатысушы ішінде екі күміс және екі қола медаль алды. Яғни оқушылардың ешқайсысы жүлдесіз қайтпады. Бұл – үлкен нәтиже, үлкен жетістік!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға