Жаңалықтар

Үш өңірдегі республикалық тас жолдар ішінара жабылды

Үш өңірдегі республикалық тас жолдар ішінара жабылды
Фото: КазАвтоЖол 28.12.2023 01:30 622

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар тас жолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы: "Самара-Шымкент" тас жолы, 844-965 км, "Аманат" кемпингінен Қарабұтақ аулына дейін – 121 км.

Алматы облысы: "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, 59-143 км, Жаңақұрылыс аулынан Жамбыл облысының шекарасына дейін – 84 км.

Жамбыл облысында:

  • "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, 159-238 км, Кенен аулынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.
  • "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, 143-214 км, Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін – 71 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).Қазіргі уақытта республикалықмаңызыбаравтожолдарда 272 бірлік техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға