Үш күнде 10 градусқа суытады: Астана мен Алматыдағы ауа райы қандай болады

Үш күнде 10 градусқа суытады: Астана мен Алматыдағы ауа райы қандай болады
Фото: El.kz архиві

Қазгидромет алдағы үш күнге Астана мен Алматыдағы ауа райына болжам жасады. 28, 29 және 30 тамызда екі мегаполисте ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді. Елордада күн салқындаса, Алматыда жазғы жылы ауа райы сақталады.

Астанада күн күрт салқындайды

Синоптиктердің болжамынша, 28 тамызда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы орнайды. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетіп, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде ауа температурасы +12...+14 градус, күндіз +24...+26 градус болады.

29 тамызда да құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде ауа температурасы +8...+10 градусқа, күндіз +19...+21 градусқа дейін төмендейді.

Ал 30 тамызда елордада күн одан әрі салқындайды. Құбылмалы бұлтты ауа райы, кей уақытта жаңбыр және күндіз найзағай болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метр болады.

Түнде ауа температурасы небәрі +5...+7 градус, күндіз +13...+15 градус шамасында болады.

Осылайша, үш күн ішінде Астанада ауа температурасы күндіз шамамен 10 градусқа төмендейді.

Алматыда аптап ыстық жалғасады

Алматыда жағдай мүлде өзгеше болады. Қалада алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді.

28 тамызда Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус болады.

29 тамызда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр болады.

Түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус күтіледі.

30 тамызда Алматыда ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанған. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр болады.

Түнгі температура +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус шамасында сақталады.

Қазақстанда ауа райы өзгереді

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған болатын.

Еліміздің көптеген өңірінде найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшеюі, бұршақ жаууы және ауа температурасының төмендеуі мүмкін.

Осылайша, тамыз айының соңында Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күздің алғашқы белгілері сезіле бастаса, оңтүстіктегі Алматыда жазғы ыстық әлі де жалғасады.

Оқи отырыңыз