Жаңалықтар

US Open: Рыбакинаның қанша табыс тапқаны анықталды

US Open: Рыбакинаның қанша табыс тапқаны анықталды
Фото: US Open 02.09.2023 19:14 715

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) US Open-де тарихи нәтижеге қол жеткізе алмай, турнирді үшінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елена Рыбакина сенсациялық жеңіліске ұшырап, US Open-ді аяқтады.

US Open-2023-те Рыбакина алдымен украиналық Марта Костюкті жеңді (39-шы) — 6:2, 6:1, содан кейін австралиялық Айла Томляновичті (127-ші) ұтты, алайда үшінші айналымда румын теннисшісі Сорана Кырстяға (30-шы) шамасы жетпеді - 3:6, 7:6, 4:6.

Үшінші айналымға қатысқаны үшін Рыбакина 191000 доллар тапты, сонымен қатар 130 рейтингтік ұпай жинады.

Айта кетейік, Елена мансабында әзірге бірде-бір рет АҚШ ашық чемпионатында 1/8 финалға жете алмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға