Жаңалықтар

«Urker-2022» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздарға «Urker» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық табысталды
«Urker-2022» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды
Фото: El.kz 28.10.2022 18:29 1201

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz

Ашылу салтанатын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдарәлі Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен бастады.

10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz.

«Жылдың үздік репортажы»: Анар Қоныс – Aikyn.kz.

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz.

Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz.

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы - «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті.

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті.

Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz.

 Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Zakon.kz.

Радиостанциядағы үздік жоба - Ой түйін ”Қазақ радиосы”

Үздік өңірлік БАҚ - “Сарыарқа самалы” газеті 

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия - Қали Сәрсенбай “ Ана тілі ”газеті

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия - Қырғыз әдебиет жобасы “Таңшолпан”

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия Әйгерім Бегімбетке (Еrnur.kz) табысталды.

Ұйымдастырушылар ұсынған дерек бойынша биыл бұл бәйгеге 544 өтінім түскен. Өтінімдердің көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік аналитика материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түскен.

 

Дина Алланазарова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға