Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде.
Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
«Iri building» ЖШС-нің нақты иесі іздеуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар Қостанай облысындағы бірегей «Шевченковское» кен орны қайтарылды. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.
Уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқырылған
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік