Жаңалықтар

ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізіп, 20 адам ұсталды

ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізіп, 20 адам ұсталды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12.07.2023 11:00 640

4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды. Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді, - делінген мәліметте.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.

Оқи отырыңыз:

Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған.

Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі.

Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деп күтілуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға