Жаңалықтар

ҰҚК: Семей тұрғынына Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары табылды

ҰҚК: Семей тұрғынына Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары табылды
Фото: ҚР ҰҚК 28.12.2023 10:44 527

ҚР ҰҚК Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, - делінген мәліметте.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

ҰҚК: Семей тұрғынына Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары табылды

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

ҰҚК: Семей тұрғынына Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары табылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға