Жаңалықтар

ҰҚК Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек туралы айтты

ҰҚК Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек туралы айтты
Фото: © Pixabay.com 22.03.2024 10:48 482

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі ахуал белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰҚК  Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты, - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға