Жаңалықтар

ҰҚК есірткі тасымалдаған екі қазақстандықты қолға түсірді

ҰҚК есірткі тасымалдаған екі қазақстандықты қолға түсірді
Фото: ҚР ҰҚК 08.10.2024 09:55 316

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға