ҰҚК әскери қызметшінің қайтыс болуы қатысты мәлімдеме жасады

 gov.kz
Фото: gov.kz

2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Оқи отырыңыз