Жаңалықтар

ҰОК "Олимпиада күні туған" акциясын өткізді

ҰОК "Олимпиада күні туған" акциясын өткізді
Фото: Olympic.kz 23.06.2024 20:47 460

23 маусым күні туылған барлық нәрестені Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ерекше құттықтауды қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне 

Халықаралық Олимпиада күні туылған еліміздегі барлық сәби арнайы сертификат, құттықтау хаты және естелік сыйлықтарға ие болады. 

«Олимпиада күні туылған»  дәстүрлі акциясы өтті  бүгін сағат 00:00-де басталып, еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Акцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі 240 перзентхана қатысуда. Бүгін өмірге келетін сәбилердің бәріне сыйлықтар жиынтығы дайындалған. 

23 маусымда туылған сәбилерге арналған мерекелік жиынтық «Olympian is born»  («Өмірге олимпиадашы келді») жазбасы бар  боди мен олимпиадашылар атынан жолданған құттықтау хаттан тұрады. 

«Ұлттық Олимпиадалық комитет бұл дәстүрге ерекше жылылықпен қарайды. Біз үлкен олимпиадалық отбасымызға қосылған барлық сәбиді осылай қарсы аламыз. Өмірлік таңдауының қандай боларына қарамастан, біз осы бір ерекше дата – Халықаралық Олимпиада күнінде туылған әрбір баланың алдағы уақытта да жеңімпаз боларына сенеміз. Олардың армандары міндетті түрде орындалуын тілейміз. Біздің спортшылар ең батыл деген бала армандардың шындыққа айналатынын дәлелдеп шықты. Қазіргі чемпиондардың жаңа туған сәбилерге жолдаған тілегі өмірін енді бастаған  бөбектер мен біздің олимпиадашылар арасындағы бұзылмас байланыс іспетті. Біз осы күні өмірге келген балақай мен оның отбасының қуанышына ортақтасып, зор денсаулық, бақыт, байлық тілейміз», - деп атап өтті Қазақстан ҰОК. 

Астана перзентханаларындағы жаңа туған сәбилерге сыйлықтарды бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен шорт-тректен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Денис Никиша жеткізді. 

Акция 23 маусым күні сағат 00:00-де аяқталады. Былтыр  Халықаралық Олимпиада күнінде 2000-ға жуық бала дүниеге келді. 2024 жылы туылған сәбилер саны 24 маусымда анықталады. 

Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада күніне арналған бірегей акцияны Қазақстан ҰОК алғаш рет 2020 жылы жүзеге асырды. 

Акция ҚР денсаулық сақтау Министрлігі мен молекулярлы медицина Орталығының қолдауымен өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға