Жаңалықтар

Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұнын жаңарту қажет - Тоқаев

Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұнын жаңарту қажет - Тоқаев
Фото: Akorda.kz 12.10.2023 11:16 936

Президент білім алушылар жасанды интеллект бойынша базалық білім алу керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек.

Мен жуырдағы жолдауымда кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект бағытына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек деген міндет жүктедім, - деді президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтын толыққанды ғылыми-зерттеу институтына айналдыру тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті.

Ол үздік мамандар мен сарапшылардың орталығына айналып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Институт құрамына IT индустриясының әлемдік және отандық көшбасшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы кіреді.

Осы ретте Институт әзірлемелерін коммерцияландыру және кеңейту маңызды, - деді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға