Жаңалықтар

Университет атауындағы "Елбасы" сөзі өзгереді

Университет атауындағы "Елбасы" сөзі өзгереді
Фото: Әлеуметтік желі 13.12.2023 09:45 844

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. 

«Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 16-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекеменің атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» сөздерін алып тастау мақсатында өзгеріс енгізіледі, - делінген мәліметте.

Құжатқа сәйкес, университет енді "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті" деп аталады. Құжат 27 желтоқсанға дейін талқыланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға