Жаңалықтар

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері АҚШ құрамасымен кездеседі

21 қаңтарда өтетін жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады
Универсиада: Қазақстан хоккейшілері АҚШ құрамасымен кездеседі
Фото: sports.kz 17.01.2023 09:29 846

2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді.

Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав Александров (10-минут), Батырлан Муратов (20-минут) және Олег Бойко (29-минут) төрт гол соқты. Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, жарыстың плей-офф сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Енді Қазақстан студенттер құрамасы 18 қаңтарда АҚШ-құрамасымен кездеседі.

Аталған топтан алғашқы екі орындағы құрамалар 21 қаңтарда өтетін жартылай финалға жолдама алады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 22 қаңтар күні өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға