Жаңалықтар

Универсиада: Биіктікке секіруден қазақстандық екі спортшы финалға шықты

Универсиада: Биіктікке секіруден қазақстандық екі спортшы финалға шықты
Фото: Olympic.kz 06.08.2023 20:05 662

Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада биіктікке секіруден қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы финалға жолдама алды. Әр топта сынға түскен қазақстандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова сәйкесінше 1,84 және 1,80 ұпай жинап, жарыстың финалдық кезеңіне жолдамана ие болды.

Биіктікке секіру финалында барлығы 12 спортшы сынға түспек. Ал финал 6 тамызда Чэнду қаласындағы (Сычуань провинциясы, Қытай) «Шуанлю» стадионында Бейжің уақытымен 18:30-да басталады деп күтіліп отыр.

Универсиада Ойындарының бүгін таңертеңгі нәтижесі бойынша Қазақстан жалпы есепте 19-шы сатыға жайғасқан. Ел құрамасының қоржынында 19 медаль бар. Оның ішінде екі алтын, жеті күміс және 10 қола бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға