Жаңалықтар

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға табан тіреді

Бұл көрсеткіш сегізінші жарыс күнінен кейінгі қорытынды барысында белгілі болды
Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға табан тіреді
Фото: mail.kz 20.01.2023 08:40 1147

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында еліміздің құрамасы алтыншы орынға табан тіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 қола медаль бар.   

Айта кетерлігі, құрамаға тұңғыш алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес сыйлады. Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев те алтыннан алқа тақты.

Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринтте алтынды жеңіп алды. Тағы бір биатлоншы Александр Мухин қола жүлдені місе тұтты.

Жүлде саны бойынша командалық кестенің көшін 32 медальмен Жапония бастап тұр. Одан кейінгі сатыларда Польша (10 медаль) мен Оңтүстік Корея (5 медаль), Чехия (8 медаль), Финляндия (5 медаль) бар.

Қысқы Универсиада ойындары 22 қаңтарда аяқталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға