Жаңалықтар

Универсиада-2023: Ел қоржынына сегізінші медаль түсті

Кезекті жүлдені биатлоншы Александр Мухин сыйлады
Универсиада-2023: Ел қоржынына сегізінші медаль түсті
Фото: sports.kz 22.01.2023 08:13 1931

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада биатлоншы Александр Мухин ел қоржынына сегізінші медальды әкелді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мухин масс-стартта екінші болып, «күмістен» алқа тағынды. Ол жеңіс межесіне 24,8 секунд қалыс қалды. «Алтынды» француз Аксель Гарнье иеленді. Қола жүлде норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенгке бұйырды.

 

Биатлон. ерлер

Масс-старт. 15 шақырым

  1. Аксель Гарнье (Франция) — 39:53.7 (1+0+0+0)
  2. Александр Мухин (Қазақстан) — +24.8 (0+2+2+0)
  3. Эрьян Мосенг (Норвегия) — +32.3 (0+2+2+1)
  4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) — +53.6 (0+0+2+0)
  5. Вадим Куралес (Қазақстан) — +1:13.5 (0+1+2+1)
  6. Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — +4:23.5 (1+2+3+1).
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға