Жаңалықтар

Үндістанның IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Үндістанның IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады
Фото: © Pixabay.com 22.05.2023 12:29 679

Үндістанның IndiGo төмен бюджеттік әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуды бастайды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

IndiGo әуе компаниясы – Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады, - делінген Азаматтық авиация комитеті тарартқан мәліметте. 

IndiGo 2006 жылғы тамызда құрылған. Әуе компания паркінің сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға