
Үндістандағы ұшақ студенттер жатақханасына құлаған: оқиға орнынан кадрлар
Үндістанда болған ұшақ апатынанқанша адамның қаза тауып, қаншасы аман қалғаны жөнінде әзірге нақты ақпарат әзірге жоқ. Кейбір деректерде 133 адамның көз жұмғаны айтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дегенмен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ұшақ жолаушылары ғана емес, жердегі адамдар да бар. Себебі ұшақ медициналық колледждің жатақханасының үстіне құлаған.
Ұшақтың медициналық колледждің жатақханасына құлағаны анықталып, көптеген студенттің жарақат алғаны белгілі болды, - деп хабарлады Үндістанның медициналық қауымдастығы.
Бейнежазбаларда жатақхананың қирап қалғанын көруге болады.
We are deeply shocked about the news of AI ✈️ , crashing in Ahmedabad. !
— FAIMA Doctors Association (@FAIMA_INDIA_) June 12, 2025
News have become more gruesome after finding out that flight had crushed in BJMC, Hostel & many MBBS students have also been injured!!!!
We are monitoring the situation closely & are ready for any help! pic.twitter.com/gZ4vQwy34P
Қазақстан президенті қайғылы жайтқа байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айтты.
Айта кетейік, 2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласының әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажды қосқанда барлығы 242 адам болған. Ұшақ Лондонға бағыт алған.
Air India flight ✈️ in Ahmedabad have crashed in BJ Medical College Hostel.
— Dr. Rohan Krishnan (@DrRohanKrishna3) June 12, 2025
We are shocked to hear the news.
May god help us in this situation!
🙏🙏🙏
MBBS students are admitted in emergency , i am shocked!! 🥲 @FAIMA_INDIA_ team at BJMC rn! We will send doctors team there… pic.twitter.com/hAbE7IH9DT
Air India әуе компаниясы Boeing 787-8 ұшағында болған жолаушылардың қай елдердің азаматтары екенін жариялады.