Жаңалықтар

Үндістанда күрес федерациясының президенті спортшыларды зорлады деп айыпталды

Үндістанда күрес федерациясының президенті спортшыларды зорлады деп айыпталды
Фото: Indian Express 13.06.2023 16:13 553

Азияның бұл елінде соңғы кездері ереуілдер басылмай тұр. Көтеріліске шыққан халық Бридж Бхушан Сингхты жазалауды талап етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үндістан спортындағы даудың шешілетін түрі жоқ тәрізді. Күрес федерациясының президентіне спортшыларға зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылып отыр.

Жәбір көргендердің қатарында ондаған атлет, тіпті кәмелет жасына толмағандар да бар. Ал айып тағылған Бридж Бхушан Сингх спорт федерациясында жұмыс істеп қана қоймай, билік партиясының да мүшесі.

Қаңтарда жаппай ереуіл болып, спорт министрлігі Сингхты әкімшілік өкілеттігінен айыру керектігін айтқан болатын. Ал үкімет істі соңына дейін жеткізу туралы уәде берген.   

Бұл көтерілісшілерді басқандай болғанымен, арада бірнеше ай өтсе де ешқандай жылжудың жоқтығы байқалды. Наразы топ Делидегі парламент ғимаратының алдына тағы жиналды.

Полиция митингіге шыққандарға қарсы күш те қолданды. Олар Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сакши Малик пен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Винеш Пхогатты ұстады.

Көп ұзамай Малик видео арқылы қолдаушыларға алғысын жеткізді. Ол бостандыққа шыққан соң тағы көтеріліске шығатынын, әділеттіліктің орнамай тоқтамайтынын айтты. Ол барлық медалін де қайтарып беруге дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға