Жаңалықтар

Үндістанда Kazakh tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

Үндістанда Kazakh tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 23.02.2024 09:33 293

Үндістан астанасында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми іс-шараға Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты.

Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды. Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыстады. Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған. Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде біздің аймақтың бірқатар қаласы мен елдерін таныстырып келеді.

«Бұл – Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетудің жаңа қадамы. Біз әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірі саналатын Үндістанда өз өкіліміз болатынына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бұл тәжірибені басқа да нарықтарда кеңейтуге ниеттіміз», - деді Қайрат Сәдуақасов.

«Үндістан туристеріне Қазақстан туризмін таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Менің көп жылдық тәжірибем екі ел арасындағы туризмнің дамуына оң әсер етеді деп үміттенемін», - деп Прашант Чодри өз әсерімен бөлісті.

Екі тарап Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сонымен қатар көшпелі туризм нарығында Kazakh Tourism мүддесін таныстыру мақсатында серіктестікті дамыту туралы келісімге келді.

Тараптардың алғашқы бірлескен жұмысы – SATTE көрмесіне қатысу және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру.

Мамандардың болжамы бойынша, Үндістанның көшпелі туризм нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан астам туриске жетеді. Бұл ретте, Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристерін қабылдай алатынын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға