Үндістан Пәкістанға әуе соққыларын уақытша тоқтатты
13.05.2025 07:30
524

Фото: ©Pixabay.com
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди елдің Пәкістанға бағытталған соққыларын тоқтатқанын және Үндістанның алдағы әрекеттері көршілес мемлекеттің іс-қимылдарына байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Times of India басылымының жазуынша, бұл мәлімдемені Моди «Синдур» операциясы басталғалы бері алғаш рет көпшілік алдына шыққанда жасаған.
Үндістан Пәкістанға жасаған соққыларын тоқтатты және бұдан әрі Пәкістанның әрекеттеріне қарай әрекет етеді, – деді ол.
2025 жылғы 10 мамырға қараған түні Пәкістан үкіметі ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялады. Бұл Үндістанның Пәкістан әскери әуе базаларына шабуыл жасады деген мәлімдемелерінен кейін орын алды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада қай көшелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Келесі жаңалық
«Ақжайықтағы» өрт: Бүгін әуеден 117 тонна су төгілді