Жаңалықтар

Үміткер Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы ашылды

Шараға партияның Саяси кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты
Үміткер Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы ашылды
Фото: ЖСДП 21.10.2022 19:28 1431

21 қазанда Республикалық сайлауалды штаб кеңсесінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабын ашу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz

Жиын барысында Сайлауалды штабтың үгіт-насихат кампаниясына дайын екендігі айтылды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы әзірленді, үлестіру материалдары, сыртқы жарнаманың дизайны әзірленді, өңірлердегі мәселелер жөнінде халықтың пікірін жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

 Жиынға қатысушылар Сайлауалды штабтың жетекшісі қызметіне кандидатқа дауыс берді. Жетекшілікке бірауыздан  ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов сайланды.

Партия басшысы жиналғандар алдында үгіт-насихат алдындағы жұмыс қорытындысын баяндады. Спикердің айтуынша, ЖСДП атынан кандидатты қолдау мақсатында елдің түкпір-түкпірінен 121 мыңнан аса қол жиналған. Оның 119 мыңнан астамы есепке алынды.

Штаб өкілдерінің мәлімдеуінше, ЖСДП кандидаты үгіт-насихат науқанын Қарағанды облысынан бастады.

Кандидат Шахтинск қаласына жолға шықты, ол жерде жергілікті сайлаушылармен ертеңге кездесу жоспарланған.

Жиын барысында штаб өкілдері алдағы жұмыс барысын талқылады, сондай-ақ штаб алдында тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға