Жаңалықтар

Үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді
Үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады
Фото: @kazhykenmeiram 21.10.2022 19:59 1440

Астанада 21 қазан күні Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабының ашылуы өтті. Штаб Астана қаласында орналасқан. Бұл күні сонымен бірге оның үгіт-насихат науқаны да басталды, деп хабарлайды El.kz

Мейрам Қажыкен келген қонақтарға өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бағдарламаның басты фокусы – жасы, жынысы, ұлты, діні мен әлеуметтік мәртебесіне тәуелсіз Адам болып табылады. Бағдарлама барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оларды іске асыру үшін баршаға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Президенттікке үміткер азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестік бағдарламаның басты негізіне айналғанын түсіндірді.

"Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде кәсіподақ мүдделерін көрсететін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы диалог ықпал етеді. Біз заңнамалық деңгейде тараптар диалогын қолдану аясын кеңейтуге, сол арқылы әлеуметтік әріптестік институтын жетілдіруге ниеттіміз", - деді М.Қажыкен.

Кандидаттың айтуынша, міндеттер күрделі, алайда оларды орындау мүмкін, себебі бұл бағыттар экономиканың барлық салаларындағы реформаларға бағытталған.

М. Қажыкенді оның серіктесі Андрей Пригорь – республикалық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы қолдады. Ол кәсіподақтар алдағы сайлаудан айтарлықтай өзгерістерді күтетіндігін атап өтті.

"Мейрам Зекешұлы өз бағдарламасында атап өткендей, кәсіподақтар жұмысшылардың мүдделерін толық қорғау үшін саяси шешімдер қабылдауға қатысуы керек. Ол үшін олардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан көтеріп, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестермен, яғни мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасының кез келген деңгейінде ықпал ету тетіктерін беру қажет", - деді А.Пригорь.

Мейрам Қажыкен, кәсіподақтар достастығының басшысы –қазақстандықтардың әлеуметтік қауіпсіздігімен және әділетсіздікпен, теңсіздікпен күресу үшін барлық қажетті шараларды енгізуге дайын көшбасшы екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға