Жаңалықтар

UMAI Ұлттық сыйлығының жүлде қоры аталды

Сыйлық 4 бағыт бойынша беріледі
UMAI Ұлттық сыйлығының жүлде қоры аталды
Фото: kaznovosti.kz 14.08.2022 07:35 865

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев UMAI сыйлығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды. Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады. Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға