Жаңалықтар

Umai-2023 сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Umai-2023 сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 16.11.2023 17:39 639

Бұл туралы өнер саласындағы Қазақстан Республикасы UMAI-2023 Ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Umai ұлттық сыйлығын кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерінің елеулі жетістіктерін қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған болатын.

Umai ұлттық сыйлығы – еліміздің өнер саласындағы ең мәртебелі әрі беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайын жаңа біртуар қайраткерлердің есімдерін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етеді.

Биыл сыйлықтар мен жүлде қоры едәуір ұлғайды. Өтінімдер төрт номинация бойынша қабылданады. Олардың қатарында: «Театр өнері»; «Хореографиялық өнер; «Музыкалық-орындаушылық өнер»; «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер».

«Umai-2023 шығармашылық мамандық өкілдерінің қызығушылығын оятатындығына және тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері өз қарауына отандық өнердің дамуына тың серпін беретін қызықты да сан алуан жұмыстарды алатынына сенімдіміз. Еліміздің өңірлерінен қатысушылар саны көп болады деп күтудеміз, өйткені байқаудың жоғары ұлттық дәрежесі жастарға шығармашылық шыңдарды бағындыруға серпін бере алады, - деп атап өтті Umai ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті.

Биыл «Үздік балалар қойылымы» арнайы сыйлықтармен марапатталады. Финалистер арасынан комиссия мүшелері сахна өнері саласындағы «Жыл ашылуын» таңдайды (екі марапат).

Айта кетейік, ұжымдар мен орындаушылар 2021 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың шілдесі аралығындағы театр (концерт) маусымындағы жұмыстары үшін Umai-2023 сыйлығына үміткерлер ретінде бола алады. Өтінімдерді қабылдау 5 желтоқсанда аяқталады.

Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді.

Қосымша толығырақ ақпаратты «Астана Операның» ресми сайтында, «Umai-2023 сыйлығы» бөлімінде жарияланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға