Жаңалықтар

Ұлытаулық құтқарушылар жоғалған екі ер адамды аман-есен тапты

Ұлытаулық құтқарушылар жоғалған екі ер адамды аман-есен тапты
Фото: gov.kz 20.12.2023 19:02 705

2023 жылы 20 желтоқсанында сағат 03:25-те «112» кезекші пунктіне азаматшадан Саркеңгір ауылынан Малшыбай станциясының 19 желтоқсан күні 1961 ж.т. және 1978 ж.т. азаматтардың таңертең «Ақши» қыстауынан мал жаю мақсатында шығып кеткенін және оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазғаннан Малшыбай станциясына дейінгі қашықтық 98 шақырым. Іздестіру жұмыстарына Ұлытау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының және жергілікті атқарушы органдарының күштер мен құралдар жіберілді.

2023 жылы 20 желтоқсанда сағат 9 шамасында Сарыкеңгір ауылдық округінің қыстауынан 1961 жылы туған азамат және сағат 11:38-де далада 1978 жылы туған азамат табылды. Табылған екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекті қажет етпейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға