Жаңалықтар

Ұлытаудағы екі ЖЭО жөндеу жұмысы қаржы жетпегеннен тоқтап тұр

Ұлытаудағы екі ЖЭО жөндеу жұмысы қаржы жетпегеннен тоқтап тұр
Фото: gov.kz 20.11.2023 13:55 642

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жергілікті ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басында "Қазақмыс энергиясы" компаниясы жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңге бөлді, бұл жеткіліксіз екені анық. Сондықтан "Инвестицияға айырбастау тарифі" бағдарламасы аясында олар қазір 11 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл барлық қазандықтарды жөндеу, жаңғырту, ауыстыру. Қазір төрт қазандық жұмыс істеп жатыр, екі қазандықты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы екі қазандық бойынша біз биыл модернизацияны жасауымыз керек еді. Бірақ қаражат тапшылығына байланысты келесі жылдың көктеміне кейінге қалдырылды,- деді Берік Әбдіғалиұлы.

Әкім тұрғындарға жылыту маусымында мәселе туындамайды деп уәде берді.

Аймақ басшысы облыстағы ЖЭО-ның 58%-ы тозғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға