Жаңалықтар

Ұлытауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 7 адам табылды

Ұлытауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 7 адам табылды
Фото: ТЖМ 14.03.2023 17:35 818

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жоғалып кеткен 7 адам табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жоғалып кеткен 7 адам табылды. Ведомство мәліметінше, олар 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен шығып, адасып кеткен.

Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға