Видеодан кадр

Ұлытауда аумақтық қорғаныс ротасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды

19.06.2025 04:10 729

Ұлытау облысында «Отан – менің намысым, борышым» атты аумақтық қорғаныс ротасы әскери міндеттілерінің оқу-жаттығу жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жиын 9-18 маусым аралығында өтіп, оған облыс көлемінен шақырылған әскери міндетті азаматтар қатысты. 

Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – әскери міндеттілердің дайындық деңгейін арттыру, жедел іс-қимыл және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру болды. Жаттығулар барысында қатысушылар далалық жағдайда әскери іс-қимыл элементтерін орындап, түрлі тактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларды пысықтады,-деп атап өтті әкімдіктен.

Жабылу салтанатында бірқатар әскери міндетті азаматқа белсенділігі мен жоғары кәсібилігі үшін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысовтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.