Жаңалықтар

«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Фото: gov.kz 29.03.2023 15:16 668

Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы басталады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 750 млн.теңге көлемінде қаражат бөледі.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн. теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.

Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлерге санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді.

Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілетін «Отбасы банк» АҚ айқындайды.

Ұлытау облысының жас мамандарын кредиттеуге объектілері Ұлытау облысында орналасқан келесі қызмет салалары қатыса алады:
1) Денсаулық сақтау - Ұлытау облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
2) Білім беру - Ұлытау облысында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) педагог қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
3) Мәдениет - Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік мәдени ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) бейінді қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда) ;
4) Спорт – Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
5) БАҚ - атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан БАҚ-та (есепке қою туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің) штаттық қызметкерлері;
6) ЖОО - атап айтқанда: Ұлытау облысында тіркелген жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
7) Әлеуметтік сала - Ұлытау облысында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда).


«Ulytau zhastary» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс;
2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
3. Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі-зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлей отырып, кемінде соңғы 1 жыл;
4. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Өтінім беру үшін өзіңізбен бірге жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы және мекен-жай анықтамалары (Бағдарламаға қатысушыға және отбасы мүшелеріне), соңғы бір жылдағы зейнетақы төлемдері туралы үзінді көшірмені (egov.kz –тен алуға болады), некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкіде немесе ұйымның мөрімен куәландырылған, лауазымдары, жұмыс кезеңі, жалақысының мөлшері көрсетілген), еңбек өтілін, мүгедектігін растайтын (бар болған жағдайда) құжаттар әкеліңіз.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады. Өтінімдер 2023 жылдың 27-31 наурызы аралығында сағат 9.00-18.00 (түскі үзіліс сағ.13.00-14.30) аралығында қабылданады. Туындаған сұрақтар бойынша +77784608509 нөмеріне хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға