Жаңалықтар

Ұлытау облысының жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Ұлытау облысының жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты
Фото: gov.kz 29.01.2023 13:15 1459

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында жедел жәрдем автокөліктерінің кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өткен жылы республикалық бюджет есебінен 7 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.

Санитариялық автокөлікті беру рәсіміне Ұлытау облыс ының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, мемлекеттік органдардың басшылары, медициналық жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобилдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп есептейді өңір басшысы.

Жаңа жедел жәрдем машиналарын Жезқазған (2), Сәтбаев (2) қалаларының, Қаражал қаласының Жәйрем кентінің (1), Жаңаарқа ауданының (1), Ұлытау ауданының Жезді кентінің (1) жедел медициналық жәрдем станциялары алды. Бұл санитариялық көліктер заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға