Жаңалықтар

Ұлытау облысында «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы өтті

Ұлытау облысында «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы өтті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 03.11.2023 20:50 642

Ұлытау облысында «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-жаттығулар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.

Ұлытау облысының ТЖ департаменті АҚМЖ қызметтерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұлытау облысының аумағында Талап ауылында «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.

Төтенше жағдайдың туындағаны туралы сигнал алғаннан кейін авариялық-құтқару қызметтерін құлақтандыру және жинау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Сонымен бірге зымыран отынының құрамдас бөліктерімен ластанған аумақты бейтараптандыру, өрт ошақтарын сөндіру, қираған ғимараттардың үйінділерін талдау, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарын эвакуациялау бойынша практикалық іс-шаралар жүргізілді. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 61 адамы және 20 арнайы техниканың  бірлігі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға