Жаңалықтар

Ұлытау облысында мектептерге қымбат азық-түлік жеткізілген

Ұлытау облысында мектептерге қымбат азық-түлік жеткізілген
Фото: Видеодан кадр 11.06.2024 09:24 205

Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсу фактілерін Қаржы мониторингі агенттігі қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.

Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды, оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп сияқты 12 атауға бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді. Бұл ретте үнемдеу 17 млн теңгеден асты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға