Жаңалықтар

Ұлытау облысында ғасырға жуық тарихы бар тапанша табылды

Ұлытау облысында ғасырға жуық тарихы бар тапанша табылды
Фото: © Polisia.kz 20.06.2023 12:09 846

Ұлытау облысының тұрғыны полицияға 98 жылдық тарихы бар тапаншаны тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 32 жастағы тұрғыны Ерсін Тәжмағанбетов жертөледе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жерге көмілген тапаншаға ұқсас затты тауып алған. Аудан тұрғыны дереу полицияға хабарласып, табылған затты өткізген.

Облыстық Полиция департаментінің жедел-криминалистерінің сарапшылары жүргізген зерттеу барысында бұл қарудың бір ғасырға жуық тарихы бар екені анықталды.

Намбу 14 тапаншасы - 1925 жылы Намбудың 4 тип тапаншасының дизайны негізінде жасалған жапон тапаншасы. Намбу тапаншалары 1920-1940 жылдардағы жапон императорлық армиясының негізгі жеке қаруы болған, олар екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін шығарылды.

Полицейлер қаруды тапсырған азаматқа алғысын білдірді. Табылған тапанша тарихи жәдігер ретінде алдағы уақытта облыстық музейге тапсырылады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға