Жаңалықтар

«Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны өтіп жатыр

«Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны өтіп жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр 20.03.2024 12:49 417

«Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысады. Шарада арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, экспресс-камера (сұхбат) және ұлттық ойындар алаңы болады.

Дискуссия алаңында түрлі сала өкілдері, отандық этнограф ғалымдар «Наурызнама» (Наурызды заманға сай мерекелеу дәстүрін қалыптастыру), «Ұлттық сезім» ( ұлттық киім әдебі, музыка, кино, спорт, театр саласындағы жетістіктер), «Жаңа заманның адамы» (бүгінгі заман адамы қандай болуы керек?) тақырыптарында талқылаулар өткізеді.  

Марафон qazaqstan.tv сайты мен You Tube, FacebookInstaqram парақшалары арқылы онлайн көрсетіліп жатыр. Марафон контентіне арналған Telegram-канал: https://t.me/nauryzmarathon.

Марафонды тікелей эфирден мына сілтеме арқылы тамашалауға болады:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға